Біз құрылыс мердігерлерін таңдау бойынша тендерлерді тапсырыс берушінің атынан және оның мүддесі үшін өткіземіз. Тендерлік рәсім бірнеше кезеңнен тұрады: тендерлік пакетті дайындау, қатысушылардың ұзын тізімін (long-list) жасау, алдын ала біліктілік іріктеуі (предквалификация), қатысушылардың қысқа тізімін (short-list) жасау, біліктіліктен өткен мердігерлердің техникалық-коммерциялық ұсыныстарын жинау және бағалау, жиналған ұсыныстар бойынша тапсырыс берушіге біздің ұсынымдарымыз қамтылған есепті дайындау, тапсырыс беруші үшін шарт үлгісін әзірлеу.